Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу талқыланды
Елорданың «Алматы» ауданы прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» идеологемасын және «Жас үміт» жобасын іске асыру шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығы және Астана қаласы әкімдігінің Қалалық психикалық денсаулықты сақтау орталығымен бірлесіп, ауданның барлық мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді, 80-нен астам адам қамтылды.

Кездесу мақсаты - балаларға қатысты қылмыстың алдын алу мәселелерін шешу.

Оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйі, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Тәуекел тобына жататын балаларды ерте анықтау, буллингтің алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тәсілдер әзірленді.
