Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында Владимир Путинді қарсы алды

Бүгін, 11:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында Владимир Путинді қарсы алды
Фото: akorda.kz

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Эфиопия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.