Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді», – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, Президент бүгін Қостанай облысының 90 жылдығымен құттықтаған болатын.