Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады
9 желтоқсан, 2025
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.
Бұған дейін Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
24 қаңтар, 2026
«Ақ жол» партиясы банктік құпияны конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады
24 қаңтар, 2026
Интернеттегі алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік керек – Асанов
24 қаңтар, 2026
Кінәсіздік презумпциясы және өзін кінәлауға тыйым: Жаңа Конституцияға қандай нормалар ұсынылып отыр
24 қаңтар, 2026
Дихан Қамзабекұлы білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды