Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

7 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 
Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.