01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мектептерде кәсіби бағдар беру бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленді

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мектептерде кәсіби бағдар беру бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленді

|
Photo: Freepik.com

Елімізде алғаш рет кәсіби бағдар беруге арналған бірыңғай әдістемелік нұсқаулық әзірленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орта білім комитеті мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған бұл нұсқаулық барлық мектептерге таратылып, 1–11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүйелі, бірізді және түсінікті форматқа көшіруді көздейді.

Нұсқаулық оқушылардың қызығушылығын, еңбек нарығындағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып әзірленген. Ол оқушылардың жеке қабілеттерін тереңірек тануына, қазіргі еңбек нарығының талаптарын түсінуіне және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға жол ашады.

Мұнда мамандармен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар, кәсіби сынамалар өткізу, практикалық тапсырмалар орындау қамтылған.
Нұсқаулықтың мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылық негіздерімен үйлестірілген. Бағдарламадағы негізгі қағидаттары — еңбекке құрмет, жеке жауапкершілік, адалдық, азаматтық белсенділік және қоғамға қызмет ету. Мектепішілік жобалар, волонтёрлік бастамалар, тәлімгерлік және кәсіби сынамалар арқылы оқушылардың бойында кәсіби этиканың базалық нормалары, еңбек мәдениеті, қауіпсіздік дағдылары және командалық жұмыс дағдылары қалыптасады.

Академия нұсқаулықты 1–4, 5–7, 8–9 және 10–11-сынып деңгейлерінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жоспарлау және іске асыру үшін практикалық құрал ретінде пайдалану ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗