Машинистің қырағылығы: Қарағанды – Астана учаскесінде пойыз бен көлік соқтығыса жаздады

Машинистің қырағылығы: Қарағанды – Астана учаскесінде пойыз бен көлік соқтығыса жаздады
Фото: ҚТЖ

ҚТЖ бригадасының жедел әрекетінің арқасында Қарағанды – Астана бағытында ірі жол апатының алдын алу мүмкін болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылдың 6 сәуірінде Қырқыншы – ОП-42 аралығында Қарағанды депосының машинисі Анатолий Ломакин 62 км/сағ жылдамдықтағы ВЛ80С №227 электровозында шұғыл тежеуді қолданған.

«ГАЗель» маркалы автокөліктің жүргізушісі темір жолын белгіленбеген жерден кесіп өтуге тырысқан. Бригаданың қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында оқиғаның алдын алуға мүмкін болды.

ҚТЖ жүргізушілерді темір жолдарды кесіп өту кезінде ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, теміржол көлігі қозғалыстың басқа қатысушыларына қарағанда басымдыққа ие.

«Қауіпсіздікті арттыру үшін компания еліміздің барлық өңірлерінде кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде», – делінген хабарламада.  

Бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған жамбылдықтың қайта рульге отырғаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалағанын жазғанбыз.