25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Көлік полицейлері теміржолдағы бақылауды күшейтті

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Көлік полицейлері теміржолдағы бақылауды күшейтті

|
Photo: Freepik.com

Көлік полицейлері теміржолдағы бақылауды күшейтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті 1701 шұғыл тежеу фактісін тіркеді. Оның 1342-і теміржолда жануарлардың пайда болуына байланысты болған. Мәселен, өткен демалыс күндері Атырау, Жетісу, Ақтөбе және Ақмола облыстарында поездардың теміржол бойында бақылаусыз жайылып жүрген жылқыларға соғылу жағдайлары орын алды. Ал Қызылорда және Түркістан облыстарында жылжымалы құрамның ірі қара малмен, Алматы облысында ұсақ малмен соқтығысуы тіркелді. Бірқатар жағдайда машинистер дер кезінде әрекет етіп, соқтығысудың алдын алды.

Тіркелген фактілер бойынша көлік полицейлері темір жолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзған үй жануарларының иелерін жедел анықтады.  Олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Көліктегі полиция департаменті теміржол аса қауіпті аймақ екенін еске салады.

Теміржолдың бөлінген жолағында үй жануарларын бақылаусыз жаюға қатаң тыйым салынады, себебі бұл жануарлар мен адамдар үшін ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін үй жануарларының иелері жайылым ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗