05.12.2025
RU
Мәзір

Кәмелетке толмаған үш баласын азаптаған әкеге қатысты сот үкімі шықты

|
Кәмелетке толмаған үш баласын азаптаған әкеге қатысты сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған үш балаға 6 жыл бойы күш көрсетіп, азаптаған өгей әкеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Талас аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Талас аудандық соты ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1, 2 тақматары бойынша кәмелетке толмаған 3 баланы қинады деп айыпталған күдікті Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 2019 жылдан 2025 жылға дейін сотталушы Т. шаруа қожалығының аумағында кәмелетке толмаған өгей балаларына (2008 ж.т.) қатысты күш қолданып, оларды азаптағаны сотпен анықталды», - делінген хабарламада.

Талас аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың сәуірінен бастап ол жұбайының кәмелетке толмаған 2015 жылы туған үшінші ұлына да осылай қараған. Сотталушы балаларды қоғамнан оқшаулап, олардың оқуы мен дамуына кедергі келтірген. Еңбекке мәжбүрлеп, тамақтануды шектеген. Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдерінің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

«Сот шешімі ҚК 110-бабы 2-бөлігінің санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Сот үкімімен Т. ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген Талас аудандық сотының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Таразда 16 жастағы қыз өгей әкесінің зорлығынан соң жүкті болып, босанғаны туралы оқиға жұрттың жағасын ұстатқан еді. 

Сонымен қатар жақында белгілі спортшы, ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай көпшілік алдында бала кезінде есірткіге тәуелді болған өгей әкесінің кесірінен қорлық көргенін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗