Референдум-2026

Информатикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері елге оралды

Бүгін, 12:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Информатикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері елге оралды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ташкентте өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI 2026) жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар елордаға оралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Астана әуежайында жас чемпиондар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегер атанды. Олар 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл – еліміздің осы халықаралық олимпиадаға қатысу тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Мансур Мамадахунов, Асқар Әкежан және Алдияр Сейтбай күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық құрамаға Темірлан Сатылханов пен Айбек Қуанышбай жетекшілік етті.