ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды
9 қазан, 2024
Фото: видеодан скрин
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды.
Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Ұқсас жаңалықтар
3 сәуір, 2026
Қазақстан халықаралық форумда көлік саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті
3 сәуір, 2026
Елде үнемделген қаржы есебінен 14 каналды бетондау іске асырылып жатыр
2 сәуір, 2026
Астанадағы келісімшарт: Хорват инвесторлары Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді толық қаржыландырады
2 сәуір, 2026
Жер қойнауын ұтымды пайдалану: Астанада Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум өтіп жатыр