Нұрлан Байбазаров Президент көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін, 14:10
Думан Аманжол Думан Аманжол
Нұрлан Байбазаров Президент көмекшісі болып тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тағайындауға байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінеді хабарламада.