07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық спортшы World Boccia Challenger 2025 турнирінің чемпионы атанды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық спортшы World Boccia Challenger 2025 турнирінің чемпионы атанды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Елордада өтіп жатқан Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирінде алғашқы чемпион белгілі болды. BC2 санатында өнер көрсеткен астаналық спортшы Итиана Шингисханова қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол финалда өзбекстандық қарсыласын 5:2 есебімен, ал оңтүстіккореялық спортшыны 8:3 есебімен жеңді.

Осылайша жерлесіміз елорда төрінде ұйымдастырылып отырған жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Сонымен қатар ВС1 санатында өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Алмат Ерхат финалға жолдама алды.

Халықаралық бочча федерациясы (BISFed) аясында өтіп жатқан бұл іріктеу жарысында спортшылар 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинайды.

Жарысқа 14 елден 56 параспортшы қатысуда. Атап айтқанда, Оңтүстік Корея, Тайпей, Сингапур, Үндістан, Италия, БАӘ, Өзбекстан, Кипр, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Египет және Қазақстан спортшылары өзара мықтыны анықтайды.

Әлемдік дода барысында спортшылар B1, B2, B3, B4 санаттары, сондай-ақ жұптық және командалық сайыстарда жүлде үшін сынға түседі. Турнир 27 тамызға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗