Астанада 5 маусым - 15 тамыз аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Астана жұлдызы» монументіне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті жай-күйін сақтау мақсатында жоспарланған.
Еске салсақ, елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.