Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 09:38
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 6 және 7 маусым күндері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде елдің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады», делінеді хабарламада.

Іс-шара 6 және 7 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.