Елордада 7 маусым күні Astana Half Marathon кезінде бірқатар көше жабылады

Бүгін, 08:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада 7 маусым күні Astana Half Marathon кезінде бірқатар көше жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді. Оған әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады. Осыған байланысты қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.

Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:

• Сарайшық көшесі (Р.Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;

• Д.Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;

• «Қазақ радиосы» көшесі (Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;

• Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;

• Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;

• Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;

• Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;

• Түркістан көшесі (Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;

• Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И.Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;

• И.Панфилов көшесі (Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;

• Ж.Нәжімеденов көшесі (Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;

• Тәуелсіздік даңғылы (И.Панфилов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.

«Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет», - делінген хабарламада.