Елордада жалпыұлттық коалиция штабының өкілдері Конституциядағы өзгерістерді түсіндірді

Елордада жалпыұлттық коалиция штабының өкілдері Конституциядағы өзгерістерді түсіндірді
Фото: Астана қалалық жалпыұлттық коалиция штабы

«Сарайшық» ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» бастамасы аясында Астана қалалық жалпыұлттық коалиция штабының өкілдері қатысушыларға Ата заңның негізгі ережелері мен өзгерістерін жан-жақты түсіндірді.

Делегация құрамында Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова, AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы саяси бөлімінің басшысы, ақын-жазушы Әбдіғани Бәзілханұлы, «Ақ жол» партиясының мүшесі Бауыржан Жанқонақов, «Respublica» партиясының мүшесі, фракцияның менеджер-талдаушысы Жақсылық Киікбаев, сондай-ақ «Тұрсын Астана – 2» МИБ төрағасы Қуаныш Оспанов болды.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар өзін толғандырған сұрақтарды қойып, оған толыққанды жауап алды. Іс-шара ашық диалог форматында өтті.