Елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысушыларды тіркеу басталды
Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммиттің ресми сайтында қатысушылар мен қонақтарды тіркеу басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
RES 2026-ға қатысу үшін «Тіркелу» бөліміндегі арнайы нысанды толтырып, мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.
Өңірлік экологиялық саммит 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында өтеді. Саммит негізгі климаттық және экологиялық мәселелер бойынша келісілген диалогты қалыптастыру үшін Орталық Азия елдерінің басын қосады.
Іс-шараның негізгі алаңының бірі, ҚР Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы әділ энергетикаға көшуге арналған панельдік сессия болмақ. Жиынға қоршаған ортаға қатысты мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1 500 делегат қатысады деп көзделіп отыр.
Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесі талқыланады. Бұл туралы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлім етті.
Айта кетерлігі, 2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті өткізу ұсынысын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын.