Бүгін Сингапурда бадминтоннан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Аталмыш додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Бапкерлер штабының шешімімен жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі анықталды: Хайтмурат Кульматов, Арнур Тапишев, Махсут Таджибуллаев.
Халықаралық турнирде 25 елден 246 спортшы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, турнир 23 тамызға дейін жалғасады.
Еске салсақ, Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль еншіледі.