Референдум-2026

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль еншіледі

Бүгін, 13:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль еншіледі
Фото: olympic.kz

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының нәтижесі төменде көрсетілген.

Жас жеткіншектер

Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Ксения Прозорова (61 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Нұржан Жұмабай (95 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Төрехан Асанхан (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Ал Нұрсыйла Берікбол (57 келіге дейін), Софья Шешукова (77 келіден жоғары) үшінші орын алды.

Жасөспірімдер

Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Софья Шешукова (86 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды.

Ал Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ерасыл Сәулебеков (85 келіге дейін), Әлихан Әскербай (95 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Еске сала кетейік, Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 чемпионы атанды.