Ел болашағын бірге құрамыз: астаналық құрылысшылар сайлау учаскесіне жұмыс орнынан келді

Ел болашағын бірге құрамыз: астаналық құрылысшылар сайлау учаскесіне жұмыс орнынан келді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жұмыс формасын киген 10 құрылысшы сайлау учаскесіне құрылыс алаңынан келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Құрылысшылар жұмыс күні аяқталмастан өз таңдауларын жасауды кейінге қалдырмай, сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген соң қайтадан жұмыс орындарына оралды. Бұл ерекше көрініс әрбір адамның даусы елдің ортақ болашағына қосылған үлес екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Еске салсақ, елордалық танымал спортшылар Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.