Бес жыл ұстатпай жүрген қарағандылықты полиция үйдегі жасырын қуыстан тапты
Қарағанды облысында полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адамды үйіндегі арнайы жасырынатын орынан ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
43 жастағы ер адам бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
«Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жеке үйдің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды тауып, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынғанын анықтады. Деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалау қылмысына қатысы болған. Ол ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген», – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала ккетсек, Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы қамауға алынды.