05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Азаматтық авиация академиясында жаңа Студенттер үйі ашылды

|
Photo: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Азаматтық авиация академиясында жаңа Студенттер үйі ашылды

|
Photo: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Азаматтық авиация академиясында реконструкция жұмыстары аяқталып, жаңа Студенттер үйі ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Көлік министрлігінің өкілдері, авиация саласының ұйым басшылары, сондай-ақ Академия қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Ғимарат Академияның оқу корпусы мен халықаралық әуежайдың жанында орналасқан. Жатақхана 482 орынға арналған және жайлылық, қауіпсіздік пен энергия тиімділігі бойынша қазіргі заман талаптарына толық сай келеді. Әр бөлмеде қажетті жиһаз, ғаламтор желісіне қолжетімділік және оқу үшін барлық жағдай жасалған. Қабаттарда асүйлер керекті жабдықпен жабдықталған, сондай-ақ коворкинг аймақтары ұйымдастырылған.

Ғимаратта спорт залдары, медициналық кабинет, демалыс аймақтары және абаттандырылған аула бар. Бұл нысанды тек тұрғылықты орын ретінде ғана емес, сонымен қатар Академияның оқу және сабақтан тыс инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Студенттер үйі – бұл жай ғана ғимарат емес, Академияның заманауи білім беру ортасын құру жөніндегі кең ауқымды стратегиясының бір бөлігі. Мұнда авиацияны тек мамандық емес, өмірлік мақсат ретінде қабылдайтын жастар қауымдастығы қалыптасады», - деді ректор Бекен Сейдахметов.

Жалпы ауданы 7 016,9 м² болатын ғимаратты «Қазаэронавигация» РМК теңгерімінен Академияның меншігіне беру туралы шешім 2024 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Көлік министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қабылданған. Осыдан кейін нысанда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗