24 қараша күні Басқару колледжінде «Стереотиптерсіз қоғам: теңдік неден басталады?» тақырыбында пікірталас өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында гендерлік теңдік қағидаттарын насихаттау, қоғамда қалыптасқан гендерлік стереотиптердің әсерін талқылау, сондай-ақ тең құқықтар мен мүмкіндіктер туралы түсінікті кеңейту.
Іс-шарада спикерлер ретінде Сарыарқа ауданы бойынша «Әкелер одағының» төрағасы Куспеков Жалгас Хайроллаевич және Астана қаласы Полиция департаментінің өкілі сөз сөйледі.
Пікірталас барысында гендерлік стереотиптердің адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, мамандық таңдауына, кәсіби дамуына және қоғамдағы рөліне әсері қарастырылды.
Қатысушылар қоғамда қалыптасқан көзқарастарды, олардың жастардың өмірлік және кәсіби таңдауына ықпалын, сондай-ақ гендерлік стереотиптерді еңсеру жолдарын талқылады.
Ашық пікір алмасу барысында өзара құрмет, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және қоғамдағы кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шара жастар арасында гендерлік теңдік пен өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараның жоспарлы қамту көрсеткіші – 76 адам.

