Header Banner

Астанада жастарға гендерлік теңдік қағидаттары түсіндірілді

Бүгін, 15:17
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада жастарға гендерлік теңдік қағидаттары түсіндірілді
Фото: ұйымдастырушылар

24 қараша күні Басқару колледжінде «Гендерлік теңдік: стереотиптен мүмкіндікке» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара жастардың гендерлік теңдік туралы түсінігін кеңейтуге, қоғамда қалыптасқан гендерлік стереотиптерді талқылауға, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін насихаттауға бағытталды.

Іс-шарада спикерлер ретінде Сарыарқа ауданы бойынша «Әкелер одағының» төрағасы Куспеков Жалгас Хайроллаевич және Астана қаласы Полиция департаментінің өкілі сөз сөйледі.

Кездесу барысында әйелдер мен ерлердің қоғамдағы дәстүрлі рөлдеріне қатысты қалыптасқан көзқарастар, олардың адамның жеке тұлға ретінде дамуына, кәсіби таңдауына және қоғамдық өмірге қатысуына әсері талқыланды.

Ерекше назар гендерлік стереотиптерді еңсеруге, жастардың жеке әлеуетін іске асыруына және білім алу мен кәсіби даму салаларында тең мүмкіндіктер қалыптастыруға аударылды.

Семинар барысында қатысушылар қоғамдағы гендерлік теңдік, өзара сыйластық және әр адамның өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыруы мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара жастар арасында гендерлік теңдік қағидаттарын нығайтуға және қоғамда қалыптасқан стереотиптерді еңсеруге бағытталды.