Header Banner

Елордалық колледжде гендерлік теңдік тақырыбында семинар өтті

Бүгін, 15:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордалық колледжде гендерлік теңдік тақырыбында семинар өтті
Фото: ұйымдастырушылар

24 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжінде «Мүмкіндік бәріне бірдей: гендерлік теңдік қағидаттары» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара жастардың гендерлік теңдік қағидаттары туралы түсінігін кеңейтуге, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін насихаттауға, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Семинарда спикерлер ретінде Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында білім алу, кәсіби даму, еңбек ету және қоғамдық өмірге қатысу салаларындағы тең мүмкіндіктер мәселелері қарастырылды.

Ерекше назар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, гендерлік стереотиптерді еңсеруге, кемсітушілік пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға аударылды.

Семинар барысында қатысушылар тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өзара құрмет және қоғамдағы гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды.

Іс-шараның жоспарлы қамту көрсеткіші – 20 адам.