Қазақстанда интернет алаяқтыққа қатысы бар екі шетелдік ұсталды
12 ақпан, 2025
Фото: polisia.kz
Киберполиция қызметкерлері Көкшетау және Жезқазған қалаларының прокуратурасымен бірлесіп, заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстанға келген екі жұмыссыз шетел азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Екі қалада жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 128 слоттан тұратын екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер, маршрутизаторлар мен ұялы телефондар тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылған.
11 адам ұсталды, оның ішінде төртеуі – шетелдік. 36 sim-box жабдығы, 8 мыңнан аса sim-карта, 11 компьютер, 452 usb-модем тәркіленді.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Далада 5 күн жатқан малшыны ТЖМ қызметкерлері құтқарды
20 наурыз, 2026
FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті
20 наурыз, 2026
Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді
20 наурыз, 2026
Террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 17 адам сотталды – ҰҚК