Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
23 қазан, 2025
Фото: istockphoto.com
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» (СБЗҰҒО) ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-де жер сілкінісі тіркелді.
Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4.9.
Алдын ала мәлімет бойынша, MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер дүмпуі сезілмеген.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, сейсмикалық жағдай тұрақты және қаланың инфрақұрылымына немесе тұрғындарға қауіп төнген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды
8 мамыр, 2026
Франкфуртқа ұшап бара жатқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
8 мамыр, 2026
Астанадағы өрт кезінде 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды
7 мамыр, 2026
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді