Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 449 астық жинайтын комбайн өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7% артық.
Сонымен қатар ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісі 39,3% өсті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 915 трактор шығарылды.
Қазақстан нарығында тракторлар өндірісінің үлес салмағы (қаңтар-мамыр бойынша) 46,7% құрайды.