07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды

|
Photo: Фото: Қазақстан таэквондо федерациясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды

|
Photo: Фото: Қазақстан таэквондо федерациясынан

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен таэквондодан World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4 турнирінде Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ел құрамасының сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова ел намысын қорғады.

Айта кетсек, аралас командалық жарысқа барлығы 13 құрама қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗