Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
5 мамыр, 2026
Фото: AWF
10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды.
79 келі: Петр Хребтов
88 келі: Әлібек Рахымберді, Александр Уваров
110 келі: Сұлтан Мейрам
Құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, 8-10 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында төртінші мәрте Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесі өтеді.
Ұқсас жаңалықтар