Швейцарияның Цюрих қаласында ADCC грэпплингінен Еуропа чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде астаналық спортшы Санжар Қамархан чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Чемпионатқа Англия, Канада, Швейцария, Аргентина, Германия, Бразилия, Италия, Латвия, Сербия, Косово, Португалия, Испания, Ауғанстан, Албания, Румыния, Үндістан, Молдова, Түркия, Франция, Болгария, Аустрия, Жаңа Зеландия, Ресей, Гана, Армения, Грекия, Хорватия, Колумбия, Перу, Литва, Польша, Солтүстік Африка елдері, Эритрея, Словакия, Конго Демократиялық Республикасы, Солтүстік Македония, Мысыр, Ұлыбритания, Чехия, Комор аралдары, Вьетнам, Коста-Рика, Тайвань, Таиланд, Марокко, Венесуэла, Камбоджа және Жапония сияқты 50-ден астам елден 245 спортшы қатысты.
Астаналық Санжар Қамархан қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермей, Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды.
Санжар – ММА бойынша әлем чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері.
Спортшыны Сайран Шөкеев жаттықтырады.
Санжар жекпе-жек спорт түрлерімен төрт жасынан бері айналысып келеді.
Бүгінде ол халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның намысын ірі спорттық турнирлерде қорғап жүр.