05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық оқушылар мен студенттер арасында байқау өтті

|
Photo: Фото: ұйымдастырушылардан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық оқушылар мен студенттер арасында байқау өтті

|
Photo: Фото: ұйымдастырушылардан

Елордалық мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Сапта сымбатты – ұрыста айбатты» сап және ән байқауы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл байқау 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған Астанадағы мектептердің 8-11-сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курс студенттері қатысуда.

«Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, әскери тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыру, сонымен қоса Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру. Байқауға қатысушылар саптық дайындық деңгейін, біркелкі қозғалысты, пәрмендерді орындау шеберлігін, әскери-патриоттық әндерді орындау дағдыларын көрсетті», - деді Астана қаласы әкімдігі «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы әскери-патриоттық бөлім меңгерушісі Данияр Теміртасов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау «Алматы», «Сарайшық», «Есіл», «Нұра», «Сарыарқа» аудандарында өтті. Ал ертең «Байқоңыр» ауданында ұйымдастырылады.

Әділқазылар алқасы 16 адамнан құралған әр команданың саптық жүрісін, пәрмендерді дұрыс орындауын және ән айту өнерін бағалады. Іс-шара соңында үздік командаларға арнайы диплом мен кубоктар табыс етілді.

Айта кетейік, мұндай байқау Астанада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗