11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық еріктілер қар күреп, қарттарға көмек көрсетті

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық еріктілер қар күреп, қарттарға көмек көрсетті

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының»  20 шақты волонтері зейнеткерлердің үйінің ауласының қарын күреп, көмір түсіруге қолғабыс етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұйымдастырушылар аталмыш шараның өскелең ұрпақтың қарым-қатынас, өзара көмек және ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетінін айтты.

Акцияға қатысушылар жалғызбасты қарттарға қар күреу қиын, сондықтан оларға қолғабыс еткіміз келді дейді.  

«Қарт кісілер үшін қар тазалау процессі физикалық тұрғыдан қиын және өте қауіпті, кей жағдайда жарақат алып та жатады. Осындай жағдайда адамдардың көмегі мен қолдауының жетіспеушілігі жағдайды қиындатады, қоғамнан оқшаулану сезімін тудырады» ,- дейді волонтер Анель Низикенова.

 

Шапағат Әбдір

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗