13 қарашада сағат 9.00 мен 18.00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Қазақ Ұлттық спорт Университеті» ЖШС аумағында (шоссе Қарқаралы, 15) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген, деп хабарлайды Elordainfo.kz елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.
«Оқу-жаттығу аясында «Қазақ Ұлттық Спорт Университеті» ЖШС аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған», - делінген хабарламада.
Осыған орай штаб өкілдері азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырды.