09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық боксшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық боксшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордалық боксшы Бақберген Алиасқаров халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz  қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Сербия астанасы Белград қаласында бокстан өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл 62-ші рет ұйымдастырылған айтулы додада Қырғызстан, Словакия, Македония, Марокко, Сербия, Молдова және Қазақстан елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Астананың намысын қорғаған 75 келіге дейінгі салмақтағы Бақберген Алиасқаров лайықты өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жалпы қазақстандық боксшылар бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗