07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш CISM әлем чемпионатында елордалық балуан, 66 кг салмақ дәрежесінде белдескен Сағындық Әшім чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол финалда Өзбекстан спортшысын айқын басымдықпен ұтып, алтын медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатқан дүбірлі додаға әлемнің 25 елінен балуандар қатысуда. Жарыс бағдарламасында 16 салмақ дәрежесі қарастырылған: ерлер арасында – 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 кг, әйелдер арасында – 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 кг.

Чемпионатты Астана қаласы әкімдігінің және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті және Qazaq Kuresi қауымдастығы бірлесіп ұйымдастыруда.

Жанкүйерлер сайыстарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗