Астанада тәртіп сақшылары көшеде жағдайы нашарлаған қарияға көмек көрсетті
Астаналық полицейлер көшеде өзін жайсыз сезінген қарт кісіге көмектесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, қызмет барысында патрульдік полиция полкінің инспекторы Әділбек Разақов пен жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Жалғас Әбітай көмек сұраған дауысты естіген.
Өтіп бара жатқан әйел адамның айтуынша, қарт кісінің жағдайы күрт нашарлап, тепе-теңдігін жоғалтып, құлай бастаған.
Полицейлер дереу оқиға орнына жетіп, қарияға алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ жедел жәрдем бригадасына ақпарат беріліп, олардың оқиға орнына кедергісіз уақытылы келуіне жағдай жасалды.
Қажетті медициналық көмек көрсетілген соң, ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Еске салсақ, Астанада бөтен адамның банк картасымен сауда жасаған күдікті ұсталды.