Астанада «Сөз бен сана» тақырыбында тастаяқ турнирі өтіп жатыр

Астанада «Сөз бен сана» тақырыбында тастаяқ турнирі өтіп жатыр
Фото: elordainfo.kz

Астанада әз-Наурыз мерекесі аясында «Ұлттық спорт» күніне орай қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері арасында «Сөз бен сана» тақырыбында тастаяқтан турнир ұйымдастырылып жатыр. Салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған бұл шара дәстүрлі түрде үшінші рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Аталған турнирді Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Elorda Aqparat» медиа холдингі және Қазақстан жазушылар одағының Астана қалалық филиалы бірлесіп ұйымдастырған.

Іс-шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл үшінші жыл атап өтіліп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясындағы «Ұлттық спорт» күнінде салауатты өмір салтын насихаттау, зиялы қауым өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайту және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Турнир барысында қатысушылар тек шеберліктерін сынап қана қоймай, ұлттық спортты дамыту туралы өзара пікір алмасып, ұлттық ойындардың маңызын талқылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамда салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпаққа үлгі болмақ.