05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада полиция қызметкерлері түркиялық туристің жоғалтып алған әшекейлерін тауып берді

|
Photo: Фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада полиция қызметкерлері түркиялық туристің жоғалтып алған әшекейлерін тауып берді

|
Photo: Фото: Polisia.kz

Астанада қонақ үй қызметкері шетелдік туристің алтын бұйымдарын үйіне алып кеткен. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ-нің Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиядан келген қонақ Астанадағы қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Еліне оралғаннан кейін ол нөмірінде ұмыт қалдырған алтын әшекейлерінің жоғалғанын анықтаған. Әйел дереу құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 жұп сырға, 8 сақина және екі алтын алқадан тұратын зергерлік бұйымдарды қонақ үй қызметкері иемденіп кеткені белгілі болды. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған мүлік табылып, иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Түркия азаматы полицейлерге шынайы ізгі тілегін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗