Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-10 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандардың тізімі төмендегідей:
Ерлер
-60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы
-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев
-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин
-81 кг: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов
-90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
-100 кг: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов
+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев
Әйелдер
-48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли
-52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева
-57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
-63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова
-70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
-78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Еске салсақ, Астанада спорт фестиваліне қатысушыларды онлайн тіркеу басталды.