Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

С.Шәймерденов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәлімдеуінше, 18-21 сәуір аралығында «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанындағы учаскеде автокөлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері орнатылады. 

Басқарма жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді қаперді ұстауды сұрайды. 

Еске сала кетсек, №9 қалалық емханаға дейінгі баратын тұйық көше күзге шейін жөндеуге толықтай жабылды.