Астанада LRT іске қосылғалы 180 мың жолаушы мінген

Бүгін, 18:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада LRT іске қосылғалы 180 мың жолаушы мінген
Фото: akorda.kz

Астанадағы LRT іске қосылған алғашқы күннен-ақ жолаушылар саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның сөзінше, қазір жолаушылар ағыны екі есе азайған.

- Өздеріңіз білетіндей, LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жүреді. Сол себепті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Өйткені кейбір әрекеттер пойыздардың тоқтауына әкелуі мүмкін.

Бүгін ешқандай ереже бұзушылық байқалған жоқ, қозғалыс қалыпты, - деді Асылбек Дүйсебаев.

Оқи отырыңыз: Астанада LRT көлік карталарын қайдан алуға болады

Еске салсақ, 16 мамырда Президент Astana LRT жұмысын іске қосты. Астана тұрғындары мен қала қонақтары жаңадан іске қосылған Astana LRT вагондарына мініп, алғашқы әсерлерімен бөлісті.