Астанада LRT көлік карталарын қайдан алуға болады
15 мамырдан бастап аудан әкімдіктеріндегі LRT карталарын беру пункттері жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems ЖШС-ға сілтеме жасап.
Енді онлайн рәсімделген атаулы мектеп және жеңілдікті LRT көлік карталар, сондай-ақ бұрын төленген өтінімдер бойынша дайын карталарды CTS-тің Орталық кассасынан алуға болады.
«Құрметті жолаушылар!
transcard.kz сайты арқылы онлайн рәсімделген атаулы мектеп және жеңілдікті LRT көлік карталарын, сондай-ақ бұрын берілген және төлемі жасалған өтінімдер бойынша карталарды SMS-хабарлама алғаннан кейін CTS-тің Орталық кассасынан алуға болады. Мекенжайы: Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1. Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
15 мамырдан бастап аудан әкімдіктеріндегі карта беру пункттері жұмысын тоқтатады. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар», делінген хабарламада.
Еске салсақ, LRT жолақысы 200 теңгені құрайды, ал жеңілдік санатындағы азаматтар үшін тегін болады. Жол ақысын банк және көлік картасы, QR, Apple Pay, Samsung Pay немесе Face Pay жүйесі арқылы кез-келген ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады.