Көлікті өрттен қалай қорғауға болады: ТЖМ кеңесі

Көлікті өрттен қалай қорғауға болады: ТЖМ кеңесі
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікте өрт шығу қаупін азайту үшін жүргізушілерге бірқатар қауіпсіздік ережесін сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мамандары көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау маңызды екенін еске салды.

ТЖМ көлік иелеріне төмендегідей кеңес береді:

1. Автокөлікті техникалық байқаудан уақытылы өткізу;

2. Электрондық жабдықтарды тек мамандандырылған орталықтарда орнату;

3. Көлік салонында әрдайым жарамды өрт сөндіргіш ұстау;

4. Қозғалтқыштың отын жүйесінің жарамдылығын қадағалау;

5. Көлікте бөгде және тез тұтанатын заттарды сақтамау;

6. Жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.

Министрлік жүргізушілерге осы талаптарды сақтап, автокөліктің өрт қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада қатарынан бес жеңіл автокөліктің өртеніп кеткені хабарланған еді.