Астанада интернет алаяқ арзан тур, тиімді инвестиция, шетелдегі жұмысты ұсынған

Астанада интернет алаяқ арзан тур, тиімді инвестиция, шетелдегі жұмысты ұсынған
Фото: freepik.com

Күдікті Instagram-да тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдама және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған жарнама жариялаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Азаматтарды жаңылыстырып, сеніміне кіріп, ақшасын алып оны өзіне жұмсаға, берген уәдесін орындамаған. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, оларға 7,7 млн теңгеден астам шығын келтірілген.


Сот үкімімен кінәлі азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы әлеуметтік желіде аса сақ болуды, интернеттегі жеңіл табыс, арзан тур мен инвестиция туралы ұсыныстарға сенбеуге, әлеуметтік желі арқылы қызмет ұсынатын тұлғаларды мұқият тексеруге және алаяқтық фактісі анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. 

Еске садсақ, Көкшетауда бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған адам ұсталды.