Алматы облысының тұрғыны бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болды

Бүгін, 09:48
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Алматы облысының тұрғыны бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бүйректі 25 мың долларға заңсыз сату фактісінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдары бойынша Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде өз органын сату ниеті туралы хабарландыру жариялаған. ҰҚҚК қызметкерлері ерекше хабарландыруға қызығушылық танытып, арнайы іс-шаралар кешенін өткізді, соның нәтижесінде қатысушы Көкшетауда қолма-қол ақша алған кезде ұсталды.

«Мән-жайды анықтау барысында қазақстандықтың мұндай хабарландыруларды бұрын да орналастырғаны анықталды. Ұстау кезінде полицейлер қолма-қол ақша, ұялы телефон, медициналық анықтамалар мен талдауларды тәркіледі. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аясында полицейлер мән-жайларды анықтап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін 19 жастағы бойжеткен әпкесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін жаздық.