05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада электровелосипедтің аккумуляторын ұрлаған ер адам ұсталды

|
Photo: Фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада электровелосипедтің аккумуляторын ұрлаған ер адам ұсталды

|
Photo: Фото: polisia.kz

Астанада курьер қызметін атқарып жүрген жас жігіт электровелосипедтің аккумуляторын ұрлап, иесіне 105 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Полицейлер аталған қылмысты жедел ашып, күдіктіні анықтады.

Оқиға елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, 23 жастағы азамат курьер болып жұмыс істей жүріп, аулада тұрған электровелосипедті байқаған. Қасында ешкімнің болмауын пайдаланып, ашық тұрған велосипедтен аккумуляторды шешіп алып, жасырын түрде оқиға орнынан кетіп қалған.

«Электровелосипед иесі полицияға арызданған соң, оқиға орнына шұғыл жеткен жедел тергеу тобы бейнебақылау камераларын қарап, күдіктінің түр-тұлғасын анықтады. Бірнеше сағат ішінде полицейлер оны ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.

Тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша жүргізілуде. 

Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарауға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сонымен қатар күдікті немесе күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда дереу «102» нөміріне хабар беруді сұрайды.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗