Астаналық полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзу және қала мүлкін бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері жұмыстар жүргізуде.
«Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болды. Ер адам мас күйінде аялдама павильонының әйнегін сындырып кеткен. Оқиға куәгерлері полицияға хабар бергеннен кейін тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстады. Құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Елордада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бөтеннің мүлкіне залал келтірмеу қажеттігін ескертеді. Қоғамдық орындарда бұзақылық әрекеттерге жол берілмейді және заң аясында жауапкершілік қарастырылған.
https://youtube.com/shorts/E7DDcEKmTV0?si=A-H7XCPoNitnbyOQ