Референдум-2026

Астанада автобус жарық бағанасына соғылды

Бүгін, 15:51
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада автобус жарық бағанасына соғылды
Фото: telegram.org/astanovka98

Астанада Көктал тұрғын алабында автобус бетон жарық бағанына соғылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Көктал тұрғын алабында болған. 

Сондай-ақ, автобус жарықтандыру бағанасын қағып, оны шамамен 20 метрге сүйреп кеткені жазылған.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 20 тамызда «Yutong» маркалы маршруттық автобус жүргізушісі Ардагерлер көшесімен жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай, көшені жарықтандыру бағанасына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полицияда.